×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Қатты қызығамын»: Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шығуға дайын екенін айтты

19.04.2024, 16:04
Фото: moldir.auyelbekova/Instagram

Әнші Мөлдір Әуелбекованың «Мамский әңгіме» бағдарламасына берген сұхбатында үшінші рет күйеуге шығуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тағы тұрмысқа шығуға дайынмын деп ойлаймын. Іскер әйелміз, өзімізді-өзіміз бағамыз. «Мен сүріндім, мені тастап кетті» дейміз де, бала-шағаны бағып, ер адамның тірлігін істеп жүрміз ғой. «Өзім» дегеннің артында әлсіз әйел тұр. Ол табиғи құбылыс, жаратылыс. Бір арқа сүйейтін азаматты іздейсің. Көп жұмыс істеуге шаршаймын. Бірақ жұмыс істемесең тағы болмайды. Бала-шағаңның киініп, жақсы білім алғанын қалайсың. Өзің де әлемнің кереметін көргің келеді. Кейде бәрін ер адамға ысырып тастап, еркелеп өмір сүргім келеді. Бірақ маған ондай мүмкіндік әлі бермеді. Құдай ондай ер-азаматты жолықтырмады. Бірақ мені алда сол адам күтіп тұр деп ойлаймын. Соған сенемін. Менің еркелігімді көтеретін, әйелдік қасиетімді алға шығаратын, еркелететін, алақанында аялап, менің балаларымды өз баласындай көретін, асырап, бағып, бірге қыдыратын ер адам болады деп ойлаймын. Менде ондай нәрсе болмағасын, қатты қызығамын. Ішкі күйім де соған дайын сияқты, - деді әнші.

Оқи отырыңыз: Мөлдір Әуелбекова баласына үй алуға 80 млн теңге жұмсады

Серіктес жаңалықтары