Әлеуметтік желіде немересіне бата берген әженің сөзі қызу талқыланып жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz.
Тойдың қай қалада болғаны белгісіз.
«Үлкенге үлгілі, кішіге сыйлы келін бол. Ата-енеңді сыйла. Үйден көрген тәрбиеңді іске асыр. Ибалы бол, ибалы бол дегенде сүмірейіп қалма. Батыл бол, биік тауға шыға бер. Үбірлі-шүбірлі бала-шағалы болып, бақытты өмір сүр. Жүзіңнен күлкі кетпесін, жаманшылық басыңа өтпесін. Аспаның ашық, жүрегің жарық болып, бақытты бол», – деді әже.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы тұрғындары қыз ұзату тойын аулада жасап, ерекше думан жасаған болатын.