×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Түркиядағы хаос: жойқын жел мешіт мұнарасын құлатты

21.04.2024, 08:56
Ашық дереккөзден

Түркияның әртүрлі провинцияларында мінез көрсеткен дауылдың салдарынан елді мекендер зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Стамбулда ағаштар жолдарға құлап, метроны су басты. Чанқырларда қатты жел мешіттің мұнарасына зақым келтірді.

4-ші аймақтық метеорология басқармасының мәліметі бойынша, желдің жылдамдығы Анталияның орталығында сағатына 68,4 шақырымға және Кемер ауданындағы Сиглик маякында сағатына 118 шақырымға жетті.

Измирде күшті торнадо тіркелді, ол Фочедегі Арифоча ауданының жағалауын басып өтті. Стамбулда Бахчелиевлер ауданындағы метро станциясы қатты жаңбырдың салдарынан су астында қалды.

Дауыл Самсун, Корум, Кастамону, Амася, Синоп сияқты елді мекендерге де әсер етті. Мұнда үйлер бүлінген, ағаштар құлаған және көліктер зақымдалған.

Әзірге зардап шеккендер немесе қаза тапқандар туралы хабарламалар болған жоқ.

Серіктес жаңалықтары