×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Журналистерге жол жоқ: су басқан аймаққа кіруге тыйым салынды

21.04.2024, 09:57
Ашық дереккөзден

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің өкілі мәлімдеме жасады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Өңірдегі төтенше жағдай режиміне байланысты БАҚ өкілдерінің су басқан аймақтарға барып, белсенді жұмыс істеуі олардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.

Қауіпті аймақтарда құтқару және эвакуация жұмысын төтенше жағдай, полиция департаменттерінің, Ұлттық ұлан және Қарулы күштердің қызметкерлері жүргізіп жатыр. 

БАҚ-ты, блогерлерді фото және видеомен БҚО бойынша ТЖД баспасөз қызметі қамтамасыз етеді. 

Облыста халықты және өзге де мүдделі тұлғаларды су тасқыны жөнінде ақпараттандыратын Batys TODAY ақпарат штабы жұмыс істеп тұр. 

«Біз үшін азаматтарымыздың қауіпсіздігі бәрінен биік тұрады, сақ болыңыз және өміріңізге қауіп төндірмеңіз», –  деді өкіл. 

Серіктес жаңалықтары