×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Бишімбаев соты: алқабилерді көрсетіп қойған журналистерге сот шешім шығарды

21.04.2024, 17:06
Ulysmedia

Астанада Қуандық Бишімбаевтың соты туралы сюжетте алқабилерді елге көрсетіп қойған "КТК" арнасы журналистерінің үстінен әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Сот басынан бастап БАҚ өкілдеріне сот үкімін шығарған кезде олардың объективтілігіне әсер етпеуі үшін алқабилерді көрсетуге ресми түрде тыйым салған болатын. Алайда "КТК" арнасы сюжет барысында алқабилерді қатар алып, бұл видео TikTok желісінде тарап кетті.

Сөйтіп, қазақстандықтар алқабилерді көріп қойды. Осыдан кейін сот БАҚ қызметкерлерін залдан шығару туралы шешім қабылдады. Кейін КТК қызметкерлеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653-бабы ("сотты құрметтемеу") бойынша хаттама толтырылып, үш адам –  корреспондент Анна Абрамова, оператор Абылхан Самбетов және бас редактор Александр Подойников жауапқа тартылды.

Алғашқы екеуі кінәні толық мойындады. Ал олардың жетекшісі кінәні ішінара мойындады. Үшеуіне де 20 АЕК айыппұл салынып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы жаза қолданылған еді. Алайда сот кейін ескертумен шектеліп, ешкімді қатты жазаламауға шешім қабылдады.

Журналистер сот қаулыларына шағымдануға құқылы.

Серіктес жаңалықтары