2024 жылғы 22 сәуірдегі жағдай бойынша республиканың тұрақты тұрғындарының саны 37 000 291 адамға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Өзбекстан президенті жанындағы статистика агенттігі мәлімдеді.
16 сәуірде бұл сан 36 990 128 болған.
Республиканың тұрақты тұрғындарының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға өсті.
2024 жылдың басынан бері халық саны 163 500 адамға артқан.
Өзбекстан халқы 2024 жылдың әр айында орта есеппен 54,5 мың адамға көбейіп жатыр.
2024 жылда әр күн сайын тұрақты тұрғындарының саны орта есеппен 1,8 мың адамға артып отыр.