×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Астанада жолаушылар автобусы түйісіп қалды. Зардап шеккендер бар

22.04.2024, 22:10
Astanovka98 телеграмм арнасынан

Астана көшелерінің бірінде екі жолаушылар автобусы түйісіп қалды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz

Қалай болды?

Оқиға елордадағы Қосшығұлұлы көшесінде болған. №64 және №7 жолаушылар автобусы бір-бірімен соғылған. Салдарынан №7 бағыттағы автобустың терезесі мен есігіндегі әйнегі сынып қалған. Ал автобуста болған 1996 жылғы қыз жарақат алып қалған. Дәрігерлер оның миы шайқалған деді.  

Алматыдағы автобус апаты

Бұған дейін Алматыда жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол апаты болған еді.

Ауыр жарақат алған 50 жастағы ауруханада 13 күн болған үйіне шығарылды. Ол №7 қалалық клиникалық ауруханасына ауыр жағдайда түскен, бірнеше сүйегі сынып, травматикалық шок алған еді.

Алматы қалалық №7 аурухана директоры Манас Рамазанов науқасқа ацетабулярлы тірегі мен бұрандалары бар реконструктивті пластинаның сол жағындағы ацетабулярлы түбінің ашық репозициясы бойынша операция жасалғанын хабарлады. Операциядан кейінгі 7 тәулікте науқас емдік ұсынымдарымен шығарылды дейді ол.

Серіктес жаңалықтары