×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ақмола облысында суға батып кетті деген адам тірі табылды

23.04.2024, 09:09
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысы ТЖД Атбасар ауданында суға батты деген ер адам тірі табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жабай өзенінің тасуы салдарынан су басқан учаскеде 1977 жылғы ер адам батып кетті деген күдікпен кеше ақмолалық құтқарушылар шақырылған болатын.

Бірінші күнгі іздеу жұмыстары еш нәтиже бермеді. Бірақ бүгін таңертең ер адам бұталардың арасынан тірі, аман-сау табылды. Құтқарылған адам сүңгуір костюмдерін киген құтқарушыларды көріп қуанып кеткен. ТЖД қызметкерлері оны тамақтандырып, құрлыққа жеткізді. Ер адам жыра-жықпылдың арасында 1,5 күн отырған, – деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ер адамның су басқан учаскеге не үшін және қалай барғанын қазір Атбасар ауданының полиция бөлімі анықтап жатыр.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

 

Серіктес жаңалықтары