×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан мен Таиланд тұрақты визасыз келісімге қол қойды

23.04.2024, 12:51
Қазақстан мен Таиланд тұрақты визасыз келісімге қол қойды
Фото: aviata.kz

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Таиландқа ресми сапары барысында Қазақстан мен Таиланд арасындағы визасыз режим туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Келісім визалық талаптардан 30 күнге дейінгі кезеңге, әр кезең ішінде 180 күнтізбелік күн ішінде жиынтық 90 күнтізбелік күнге босатуды көздейді. Құжат мемлекетішілік рәсімдер аяқталғаннан кейін күшіне енеді, - деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2024 жылғы 22 сәуірде Үкімет 2024 жылғы 18 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы» қаулы қабылдаған болатын.