×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда газ қоры 100 жылға жете ме? «QazaqGaz» төрағасының жауабы

23.04.2024, 21:10
Қазақстанда газ қоры 100 жылға жете ме? «QazaqGaz» төрағасының жауабы
Ашық дереккөзден

Бұл туралы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов айтты деп хабарлайды, Ulysmedia.k

«QazaqGaz» төрағасы елдегі газ қоры туралы Jibek Joly арнасындағы “Уәде” бағдарламасында Ерболат Мұхамеджанға берген сұхбатында айтты. 

1 жыл бұрын 130 болған 

“Санжар Жаркешев экономикалық тиімді газ қоры – 4 трлн текше метр, ал болжамдық – 62 трлн текше метр, ол кемінде 100 жылға жетеді дейді. Осыдан 1 жыл бұрын Санжар мырза әріптесім Самал Ибраеваға берген сұхбатында 130 жылға жететін газ қоры бар деген екен...” - деп жазды Ерболат Мұхамеджан инстаграмм парақшасында. 

1 жыл бұрын

Осыдан бір жыл бұрын Жаркешов Ұлыссұхбатта қонақта болған еді.

Қаңтар оқиғасының бастауы болған газ мәселесінен кейін ел басшылығы ірі компанияға шетелде оқып, жұмыс істеген,  газ саласында халықаралық деңгейде нәтижелі жобаларды жүзеге асырған, ең бастысы  - "Ескі Қазақстанға" қатысы жоқ Жәркешовты алып келді.

Оның алдында Назарбаевтар "меншігіне" толық айналуға шақ қалған мекеменің мұраға қалған былықтарымен күресу ғана емес, елдің газ саласын басты экономикалық секторға айналдыру тапсырмасы тұр.

Ескі жүйемен, жемқорлық схемаларымен күрес, ірі жоспарлар және өзіне жасалып жатқан ақпараттық шабуылдар туралы бізге берген сұхбатында ашық айтты.