×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

“3 миллион бала лагерьде демалады.” Ата-аналар үшін. Министр не деді?

23.04.2024, 22:35
Ашық дереккөзден

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға байланысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Бұл туралы бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аппараттық отырысында айтылды.  

3 миллионнан астам бала  

Биылғы жазда барлығы 3,1 млн баланы, яғни оқушылардың 88,2%-ын демалыспен қамту жоспарлануда. Олар үшін 10 630 демалыс орталығы әзірленді. 

“Білім басқармаларының басшылары жауапты”

«Балалардың қауіпсіздігін басты назарға ала отырып, жазғы демалысты өткізу мәдениетін қалыптастыру қажет. Сондықтан әріптестер, балаларды қорғау шараларын қатаң бақылауға алып, жұмысты күшейту керек. Сіздерге тиісті әдістемелік құралдар мен алгоритмдер жолданды. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда білім басқармаларының басшыларына жеке жауапкершілік жүктеймін», - деп атап өтті оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев. 

Бірыңғай талап болады

Аппараттық кеңесінде өңірлік білім басқармалары, ведомстволық бағынысты ұйымдар және әдістемелік кабинет басшыларының қатысуымен «Жаз-2024» балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Оқу-ағарту министрлігі ІІМ, ДСМ, ТЖМ, МАМ, ТСМ, ҒЖБМ, ЕХӘҚМ және ЭТРМ-мен бірлесіп заңнамалық нормаларды, бағдарламаларды, сондай-ақ мониторинг пен бақылауды қамтитын іс-шаралар жоспарын қабылдады. Биыл бірінші рет лагерьлер үшін бірыңғай талаптар әзірленді, қосымша білім беру саласындағы еріктілер мен педагогтер жұмысқа тартылды, лагерьлерді қабылдау мен нұсқама өткізудің республикалық мониторингі құрылды. Сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдары бекіткен балаларды сауықтыру орталықтарының тізілімі жолданды.  

 

Серіктес жаңалықтары