×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

22 жастағы келіншек үшінші қабаттан құлап кетті. Жақындары суицид дегенге сенбей отыр

24.04.2024, 01:00
Ашық дереккөзден

Ақтөбеде 22 жастағы келіншек үшінші қабаттан құлап кетті. Алғашқыда ол өмірден баз кешіп секіріп өлмек болған деген ақпарат тараған. Алайда жақындары бір баласы бар әйелді суицидке барды дегенге сенбей отыр деп хабарлайды, Ulysmedia.kz. КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Біреу итеріп жіберуі мүмкін 

Себебі оны биіктен секіруге мәжбүрлеген немесе бәз біреулер итеріп жіберген болуы мүмкін.Мұны оқиға куәгерлері де растауда. Сол күні түн жарымында үйдегілерге хабарласып, такси шақыртып беруді сұрапты. Артынша тек дыбыссыз аудио жазбалар ғана жіберіп отырған. «Осы оқиғаның куәгерлерімен кездескен соң күдігім расталды» - дейді анасы.  

Қасында сотталған танысы болған

"Оның үш жастағы баласы бар. Өмірден баз кешетіндей, өздігінен биіктен секіретіндей адам емес. Қасында болған танысы бұрын сотталған. Жерде қансырап жатқанда «мен тағы сотталып кетемін, ештеңе айтпа» деп отырыпты. Куә бар,”- деді анасы Елена Галинко. 

“Суицидке ұқсамайды”

Куәгерлер Аннаның осы үйге танысымен кешкі сағат жеті шамасында келгенін айтады. Түнделетіп пәтерге тағы бір еркек кірген. Келіншек құлағанда бірі жанында қалып, екіншісі қашып кетіпті.  

“Түнде терезе алдына биіктен құлаған нәрседен шошып кеттім. Жоғарыдағы балконды біреу қатты жауып жатты. Жерде келіншек қансырап жатқан кезде танысы жедел жәрдем шақырмады. Бұл суицидке ұқсамайды. Мен бірден жедел жәрдем мен полицияға хабар бердім. Ана жігіт жалынып отырды. Құлаған қыз «не үшін, не үшін?» деп оған өкпесін айтумен болды.”- деді аты-жөні белгісіз куәгер. 

Келіншектің қасында болған екеу қазір тергеліп жатыр. Осы оқиғаға қатысты іс қозғалған.  

Тергеу басталды

“Азаматша Галинконың үшінші қабаттан құлау дерегі бойынша полициямен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР ҚК 105-бабына сәйкес, яғни кісі өлтіруге дейін жеткізу. Осы оқиғаға қатысы бар деген тұлғалардың барлығы анықталды және полиция бөліміне жеткізілді.” - Ақтөбе облысы ПД басқарма бастығы Әсет Қалиев. 

Тәртіп сақшылары келіншектің биіктен өзі құлағанын не мәжбүрлегенін сараптамадан соң нақты айтамыз деп отыр. Ал 22 жастағы тұрғын аман қалды. Жамбасы, білек сүйектері сынған. Ота жасалып, бір күн жансақтау бөлімінде жатты. «Енді ғана тілге келе бастады» - дейді дәрігерлер. 

Серіктес жаңалықтары