Дэвид Кэмерон Астанаға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Сыртқы істер, Достастық және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмерон Астанаға ресми сапармен келді, - деп жазылған СІМ хабарламасында.
Сапар аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптарды талқылау жоспарланып отыр.
Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылмақ.