×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары көз жұмды

24.04.2024, 23:45

ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Медет Бердімұратов көз жұмды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz. 

ҚР ІІМ марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.  

“Әріптесіміз ішкі істер органдарындағы қызметінде үлкен еңбек жолынан өтіп, қылмысқа қарсы күрес пен азаматтардың құқықтарын қорғауға зор үлес қосты,” - деді Polisia.kz 

Бейресми дерек бойынша Бердімұратов кезектен тыс аттестация кезінде ұйыған қанның жарылуынан көз жұмған.  

Медет Тасырханұлы құқық қорғау органдарында 1999 жылдан бері қызмет еткен. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тумасы. 

  • Еңбек жолын 2002 жылы Алматы облысы Ішкі істер басқармасының Талғар аудандық ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі лауазымынан бастаған. 
  • Қызмет еткен жылдары түрлі басшылық лауазымдарда, соның ішінде ҚР ІІМ Тергеу департаменті тергеу және аймақтық бақылау басқармасының бастығы болған. 
  • 2019 жылы Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары болып тағайындалған. 
Серіктес жаңалықтары