×
477.03
521.44
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.03
521.44
5.43

3 жастағы баланы ұрған балабақшаға тәрбиешісі жауапқы тартылды

25.04.2024, 00:15
Kostanaytut

Оқиға Қостанай қаласында болған деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Ақпаратты Қостанай облыстық сотының ресми сайты растады.

3 жастағы баланы ұрған

Балабақша тәрбиешісі К. биыл ақпан айында кәмелетке толмаған 2021 туылған М. атты баланы ұрып-соққан.  Сондай-ақ, 2024 жылғы 27 ақпанда кәмелетке толмаған Ж.-ның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіріп, нәтижесінде денсаулығына зақымдаған. 

Тәрбиешіге қарсы іс қозғалған. Оны Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты қарады.  

Сот отырысында азамат К. кінәсін мойындады. 

Әкімшілік жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сот К.-ның құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын ескерген.  

Сот қаулысымен К., кінәлі деп танылып, оған 25 АЕК – 92 300 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.  

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

 

Серіктес жаңалықтары