×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Иранда үкіметке қарсы шерулерді қолдаған рэпер өлім жазасына кесілді

25.04.2024, 10:26
Фото: anfrussian.com

2022 жылдың қазан айында наразылық білдірушілерді қолдап, ән жазған музыкант Тумада Салехи көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде ұсталған болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол «Жер бетінде сыбайлас жемқорлықты таратты» деп айыпталған. Бұл ұғымға мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы, жезөкшелер үйін құру секілді қылмыстар кіреді. Ал ол үшін бұл елде өлім жазасы қарастырылған. 

2023 жылы рэперге алты жыл үш айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол Иранның жоғарғы сотының шешімімен өлім жазасынан құтылған еді. 

2024 жылы 24 сәуірде рэпердің адвокаты Амир Раисян ирандық Sharq газетіне Исфаханның революциялық сотының бірінші бөлімі жоғарғы соттың шешіміне қарамастан рэперді өлім жазасына кескенін айтты. Ол әлі заңды күшіне енбеген үкімге міндетті түрде шағымданамын деп уәде берді.

Серіктес жаңалықтары