×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

«Нан бағасы 500 теңге болуы керек». Депутаттың сөзі желіде жұрттың ашуын туғызды (ВИДЕО)

Коллаж Ulysmedia

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Дөненбаев ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын көтеруді ұсынып, қызды-қыздымен нан бағасы 500 теңге болуы керек екенін айтқан. Алайда депутаттың сөзі желідегі жұрттың ашуына тиді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Jambylinfo.kz сайтының жазуынша, ол қазір нан бағасы тым арзан екенін, ал құны төмен азықтың қадірі болмайтынын айтқан. Сондықтан тойханаларда тойынған жұрттан қалған ас атасы қоқыста жатады. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдаудың басты тетігі бағаны өсіру екендігін атап өткен. 

Шынымды айтсам, нан бағасы өте арзан. Мен өзім ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісімін. Менің еккен бидайым қазір 100 теңгеден де өтпей жатыр. Сол үшін нанның құны кемінде 500 теңге болуы керек. Сонда біздің ауылдың жағдайы жақсарады. Мұны халықтың қалтасы көтереді. Өйткені қазір қоқыста басқа нәрсе емес, нан жатады. Шұжық, ет өнімдері жатпайды. Өйткені ол қымбат,- деді Мейрамбек Дөненбаев.

Әлеуметтік желі қолданушылары депутаттың сөзіне ашуланып, қарсы пікір жазып жатыр.

Серіктес жаңалықтары