×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Алматыдан 257 шақырым жерде жер сілкінді

25.04.2024, 16:39
Коллаж: Ulysmedia

Алматыдан 257 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ не дейді

Қазақстан аумағында дүмпулер сезілмеді.

ТЖМ ғылыми орталығының сейсмикалық стансаларының желісі 25 сәуір күні сағат 14:24-те жер сілкінісін тіркеген.

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде – Қытай аумағында орналасқан. Сейсмологтер мұны афтершок деп атады.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2.
  • MPV магнитудасы 5.4.
  • Тереңдігі 10 шақырым.

Алматыдағы жер сілкінісі

Еске салсақ, Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 40-тан астам адам жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты. 

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.

Жер сілкінісінен кейін мектептер мен ауруханалардың қабырғасынан жарықшақтар анықталған.

Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді:

  • Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
  • Жер сілкінген кезде лифтті пайдаланбаңыз;
  • Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз;
  • Сенімді, берік орын табыңыз: егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;
  • Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – дүмпу тоқтағаннан кейін);
  • Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Алдын ала дайындалған шұғыл сөмкені алыңыз;
  • Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
  • Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.
Серіктес жаңалықтары