×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Биыл мектептерде соңғы қоңырау соғылмайды

25.04.2024, 21:05
Ашық дереккөзден

Оның орнына Қазақстан мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

186 мың түлек

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы – мектеп түлектері. 

Оқу жылының ұзақтығы – 34 апта, оқу 25 мамырда аяқталады. 

Тасқын салдары

“Су тасқыны жағдайына және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты, 24 мамырда барлық мектептегі сабақта 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды. Су тасқыны болған өңірлердегі сабақ қашықтан ұйымдастырылған, балалар үшін сынып сағаттары онлайн форматта өтеді,” – деді тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова. 

11 (12)-сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгімен» марапаттау 19-22 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихандар аяқталғаннан кейін өтеді. 

Банкет ұйымдастыруға болмайды

Сондай-ақ, 9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автокөлікпен шығуға тыйым салынады. 

  

Серіктес жаңалықтары