×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Ресей Қазақстан мұнайын экспорттауды тоқтата ма? Министрлік жауап берді

25.04.2024, 22:20
Ашық дереккөзден

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растамады деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Бұған дейін Reuters ақпараттық агенттігі “Ресей алдағы маусым айында төлем мәселесіне байланысты Қазақстан мұнайын Германияға экспорттауды тоқтатуы мүмкін. Бұл теңізге жолы жоқ мемлекеттің Ресейге тәуелділігінің айқын белгісі ” деп жазған еді.

Ақпаратты растамады

"Бұл ақпаратты растамаймыз", - деп жауап берді ҚР Энергетика министрінің кеңесшісі Шыңғыс Ілиясов. 

 Бұған дейін министрлік Ресейдің Қазақстанда тапшылық болған жағдайда бензин қорын құруды сұрағаны туралы ақпаратты да жоққа шығарған болатын. 

Серіктес жаңалықтары