×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Ересек әйел футбол ойнап жүрген баланың телефонын ұрлап кеткен

25.04.2024, 23:05
Ересек әйел футбол ойнап жүрген баланың телефонын ұрлап кеткен
Әлеуметтік желіден

Оқиға Астана қаласында болған деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Сөмкесінен алып кеткен

Кешкі уақытта әйел футбол алаңынан өтіп бара жатып, кәмелетке толмағандардың футбол ойнап жүргенін көрген. Жақын маңайда балалардың сөмкелері қараусыз жатқанын байқап, олардың ойынмен алданып жүргенін пайдаланып, рюкзактан "Redmi" маркалы ұялы телефонды алып кеткен. Мүлікті иемденіп, әйел қашып кеткен.  

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізілуде.  

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға өз мүлкінің сақталу мәселелеріне мұқият қарауды, футбол алаңдары мен балалар алаңдарында бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.