×
$
446.56
512.34
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
446.56
512.34
5.3

Трамп Иран президентімен жеке кездесуі мүмкін екенін айтты

Бүгін, 09:42
Трамп Иран президентімен жеке кездесуі мүмкін екенін айтты
The White House/Flickr

Дональд Трамп Иран президенті Масуд Пезешкианмен жеке кездесу мүмкіндігін жоққа шығармады. Кездесу әлем көшбасшылары БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысына жиналатын Нью-Йоркте өтуі мүмкін. Бұл туралы АҚШ президенті Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Келісім бе, әлде жаңа соққылар ма?

Дональд Трамп Вашингтонның Тегеранға қатысты келесі қадамы қандай болатынын әзірше нақтылаған жоқ. Оның айтуынша, шешім әлі қабылданып жатыр және жақын арада «өте маңызды оқиғалар» болуы мүмкін.

Fox News эфирінде журналист АҚШ президентінің үш ықтимал сценарий туралы сөздерін жеткізді. Олар – Иранды құрту, оның экономикасын күйрету немесе келісімге келу.

Бұл ретте ықтимал келіссөздерге дайындық басталып кеткен. 18 қыркүйекте NBC News АҚШ Мемлекеттік департаментіне сілтеме жасап, Пезешкианға, Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчиге және делегацияның басқа мүшелеріне виза берілетінін хабарлаған. Олар БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығына қатысу үшін Нью-Йоркке баруы керек.

Соғысты тоқтату шарттары

Бұған дейін Иран тарапы соғысты тоқтату бойынша өз шарттарын АҚШ-қа жеткізген. Бұл мәселеде Қатар делдалдық еткен.

Al Jazeera-ға берген сұхбатында Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи Тегеран барлық майданда әскери қимылдарды тоқтатуды, Иран активтерін бұғаттан шығаруды және теңіз блокадасын алып тастауды талап етіп отырғанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Трамп Иранмен келісімге келу мүмкіндігін 99,9 пайыз деп бағалаған еді. Оның айтуынша, әңгіме тек ядролық бағдарлама туралы емес, сонымен қатар Вашингтон Тегеранмен талқылауды жоспарлап отырған басқа да мәселелер жайында болған.

Қақтығыс 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға соққы беруінен кейін басталды. Маусым айында тараптар атысты тоқтатуға келіскенімен, бітім ұзаққа созылмады. Жаңа шабуылдар мен Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына қойылған шектеулер Таяу Шығыстағы жағдайды одан әрі қиындатты.