×
519.29
613.28
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.29
613.28
6.62

Қазақстанда бір апта ішінде азық-түлік бағасы төмендеді

26.04.2024, 13:18
Қазақстанда бір апта ішінде азық-түлік бағасы төмендеді
Коллаж: Ulysmedia

Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар өнімдерге баға индексі жылдық мәнде өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі өткен аптада 0,1%-ға төмендеп, жылдық мәнде 0,2%-ға өскенін хабарлады.

Толығырақ

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінде 19 атау бар. Баға мониторингі апта сайын жүргізіледі. Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалалар мен астанада жинақталады, - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: «Нан бағасы 500 теңге болуы керек». Депутаттың сөзі желіде жұрттың ашуын туғызды (ВИДЕО)

Кейбір өнімдердің орташа бағасы:

- айран 2,5% – 428 тг/л;

- қарақұмық – 254 теңге/кг;

- сәбіз – 183 теңге/кг.

Серіктес жаңалықтары