Таразда 130 адамды алдап, 246 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген алаяқтарға сот үкімі шықты деп хабарлайды, Ulysmedia.kz
№2 Тараз қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше 5 сотталушы 2 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.
Тауарлық несие рәсімдеген
Т., Д., К., И., және И. есімді сотталушылар иланғыш азаматтарды алдап, олардың атына онлайн тауарлық несие рәсімдеген. Және кейін өздері тауарды ақшаға айырбастап алып отырған.
Алаяқтардың қулығына 130 адам тап болған. Материалдық шығын 246 млн теңгеден астам сомаға бағаланды.
Сотталушы Т. сотта өзінің кінәсін толық мойындады, ал қалған сотталушылар кінәні ішінара мойындады. Нәтижесінде сотталушы Т.- ға сот сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Д., К. және И. әрқайсысы алты жылға бас бостандығынан айырылды, И. екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды. Сотта сотталушылар зардап шеккендерге келтірілген залалды ішінара өтегені туралы хабарланды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.