×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды

26.04.2024, 22:20
Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды
Әлеуметтік желіден

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағына автокөлікпен тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салу туралы қаулыны жариялады деп хабарлайды, Ulysmedia.kz

Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін

Тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілген.  

“Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 040721) әкелуге алты ай мерзімге уақытша тыйым салынды,” - деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.  

 
Айта кету керек, бұл тыйымның Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитіне, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуіне қатысты қатысы жоқ.  

Сұраныс төмен

Сондай-ақ министрлік мәліметінше қазір жұмыртқаға сұраныстың төмендеуі байқалады. Бұл фактор құс фабрикаларының қызметіне теріс әсер етеді, жұмыртқа бағасы төмендейді. Бағаның өзіндік құннан төмен түсуі кәсіпорындардың рентабельділігіне теріс әсер етеді. 

Және дәл осы кезеңде жұмыртқаны сақтау мерзімі қысқарады, бұл ретте технологиялық ерекшеліктерге байланысты жұмыртқа өндіру көлемі азаймайды, бұл қоймаларда тауардың артық жиналуына әкеледі. 

 “Осыған байланысты, отандық тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты қорғау мақсатында  көктемгі-жазғы кезеңге автомобиль көлігімен тауық жұмыртқаларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге уақытша шектеу шараларын белгілеудің орындылығы мақұлданған болатын,” -деді АШМ баспасөз қызметі. 

 
Бұйрық 2024 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді.