×
441.8
480.02
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.8
480.02
4.88

Газаны бомбадан тазартуға 14 жыл уақыт қажет

27.04.2024, 11:22
Коллаж Ulysmedia

Газа Секторындағы үйінділерді аршып, жарылғыш заттарды залалсыздандыру үшін 14 жыл кетуі мүмкін, деп жазады Ulysmedia.kz.

БҰҰ-ның өкілдері осындай болжам жасап отыр. Олар атыс-шабыстан аймақта 37 миллион тонна қоқыс жиналып қалғанын хабарлайды.

Былтыр қазанда басталған қарулы қақтығыстан өңірге 18 жарым миллиард доллар шығын келген. Бұл Палестинаның 2022-жылғы жалпы ішкі өнімінің 97 пайызына пара-пар. Әсіресе тұрғын үй секторына зор залал келген. 

"Қираған нысандардың 65 пайызы - тұрғын үйлер. Бір шаршы метрге 300 келі қоқыстан келеді. Есептеуімізше, оның бәрін тазартып, жүк көліктерімен шығару үшін 14 жыл кетеді”, – дейді БҰҰ залалсыздандыру қызметі жөніндегі аға офицері Пер Лодхаммар.

Естеріңізге салсақ, Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторында Израильдің жалғасып келе жатқан шабуылдары салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 34 012-ге жеткенін хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары