×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Газа секторында қайтыс болғандардың саны 34 мыңнан асты

20.04.2024, 12:09
Коллаж Ulysmedia

Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторында Израильдің жалғасып келе жатқан шабуылдары салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 34 012-ге жетті, деп жазады Ulysmedia.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Тек соңғы 24 сағат ішінде 42 палестиналық израильдік шабуылдардың құрбаны болды, тағы 63 адам жарақат алды.

Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің 7 қазаннан бері жалғасып келе жатқан шабуылдары кезінде қаза тапқандардың жалпы санының 34 012-ге, жараланғандар санының 76 833-ке жеткенін атап өтті.

Қаза тапқандардың денелері әлі қираған ғимараттардың қирандылары мен жол жиектерінде жатыр. Жедел жәрдем және азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштері тудырған кедергілерге байланысты оларға жете алмай отыр.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы Газа секторы мен Оңтүстік Судандағы қарулы қақтығысты тоқтатуға шақырған болатын.

Серіктес жаңалықтары