×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Олимпиада жүлдегері болсаң "жайлы кресло" дайын ба

27.04.2024, 12:41
Коллаж Ulysmedia

Париж Олимпиадасының басталуына аз уақыт қалды. Қазақстандық спортшылар жүлде алса үлде мен бүлдеге оранатыны анық. Жаңа пәтердің кілті, автомобиль, жылы кресло... Бүгінде көптеген спортшы әр өңірде басшылық қызметтер атқарып жүргені белгілі, деп жазады Ulysmedia.kz.

Мәселен, күні кеше Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды.

"Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының "№7 облыстық мамандандырылған балалар- жасөспірімдер спорт мектебі" КММ басшысы болып Ақжүрек Таңатаров тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ақжүрек Таңатаров 1986 жылы Жам­был облысы Құлан ауданында дүниеге келген. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен еліміздің төрт дүркін чемпионы. 66 келі салмақ дәрежесінде Лондон олимпиадасынының қола медаль иегері.

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев біраз уақыт спорт және дене шынықтыру комитетінің басшысы болып қызмет атқарғаны белгілі. Кейін Қазақстан спортшылары одағының президиумының төрағасы болып тағайындалды.

Тағы бір Олимпиада жүлдегері Василий Левит Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып еңбек етіп жүргені белгілі.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Кеген аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша және Алматы облысы әкімінің өкімімен Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев Кеген ауданының әкімі лауазымына тағайындалғанын жанкүйерлер жақсы біледі.

Танымал спортшы Ислам Байрамуков Алматыдағы «Республикалық спорт колледжінің» директоры қызметін атқарып жүр.

Геннадий Головкин жайлы әңгіме бөлек. Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы болып тағайындалған ол бұл қызметте қанша уақыт жұмыс атқаратыны белгісіз. Оның жұмысына баға беру әлі ерте...

 

Серіктес жаңалықтары