×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Францияда әр тұрғын жылына 50 киім сатып алады

28.04.2024, 14:09
Ашық дереккөзден

Сәнқойлардың отаны саналатын Францияда осыдан 10 жыл бұрын бір тұрғын бір жылда 30 киім алса, қазір орта есеппен 50 киім сатып алады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Әлемде жыл сайын 92 миллион тонна киім қоқысқа кетеді екен. 700 мың тоннасы Францияға тиесілі. Осыншама ысыраппен күресу үшін ел билігі киім-кешек өндіру ісі бойынша жаңа заң қабылдамақ.

“Тоқыма өнеркәсібі барлық парниктік газдар шығарындыларының шамамен 10% құрайды. Бұл үдеріс осылай жалғаса берсе, 2050 жылға қарай көрсеткіш 26% жетуі мүмкін. Сондай-ақ полиэстер – ең көп өндірілетін материал. Оны өндіру үшін жыл сайын 70 миллион баррель мұнай қажет. Кейінгі 30 жыл ішінде Франциядағы киім өнеркәсібінде жұмыс орын саны 3 есеге қысқарған. Себебі қымбат брендтік тауарларды арзан әрі жылдам тігілетін киім-кешектер алмастырды. Бұл экологиялық тұрғыдан ғана емес, экономикаға да айтарлықтай әсер етеді. Осыға қатысты жаңа заң жылдам сәнге, оның жарнамасына шектеулер енгізуді көздейді”, –  дейді Виоллан-ұлттық ассамблеяның депутаты Анн-Сесиль.

Жаңа заң арзан әрі сапасыз киімдерді шамадан тыс өндіруді шектеуді көздейді. Сондай-ақ қымбат киім-кешектер қарапайым тұтынушыларға қолжетімді болу үшін ішінара бюджеттен арнайы төлемдер бөлу жағы қарастырылып отыр.

Серіктес жаңалықтары