×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Ресейге адыраспан өсімдігін тасымалдаған қазақстандықтар жазаға тартылады

29.04.2024, 16:42
Фото: CC BY-SA 3.0 / Yuriy75

Ресейге адыраспан өсімдігін тасымалдаған Қазақстан азаматтары жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не үшін

ҚР ІІМ мәліметінше, биыл ақпан айында Ресей Федерациясында «гармала», яғни жалпақ тілмен айтқанда «адыраспан» өсімдігі тыйым салынған өсімдіктер қатарына енген.

Оны сол елге апарғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 1 миллион рубльге дейін айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал аса ірі мөлшерде тасымалдағаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген, - делінген хабарламада.

Әр елдің заңы басқа...

Осыған байланысты ІІМ шетелге шығуды жоспарлап жүрген қазақстандықтарға баратын елдің заңын біліп жүруге кеңес берді.

Шет мемлекеттердің аумағында тыйым салынған өсімдіктер мен дәрілік препараттарға назар аудару қажет, - деп хабарлайды ІІМ.

 

Серіктес жаңалықтары