×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

“Әпкемді қорғай алмағаныма өкінем”: Балаларының көз алдында қаза тапқан әйелдің өліміне қатысты тың дерек шықты

29.04.2024, 22:15
Әлеуметтік желіден

Марқұмның әпкесі Айгүл Өмірзақова егер тәртіп сақшылары сол кеште күдіктіні өздерімен бірге алып кетсе, қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді деп хабарлайды, Ulysmedia.kz

“Әпкемді қорғап қала алмағаныма өкінемін"

"Сол күні кешке әкесінің анасын ұрып жатқанын көріп, ұлы полиция шақырған. Қызметкерлер әпкемнің арызын қабылдағанмен, оның күйеуін алып кетпеген. Екі сағаттан кейін ол әпкемді өлтірді. Ол оны үнемі ұрып-соғып, қорқытып қойған. 2022 жылы әпкемді ұрып жатқанда араша түскенім үшін мені де ұрған. Мұның бәрі балалар мен менің қызымның көз алдында болды. Мен де сол кезде оның үстінен арыз жазғанмын. Алдымен іс қозғалғанымен, кейін іс тоқтап қалды.  Бірақ біз онымен татуласқан жоқпыз. Қазір сол кезде прокуратураға істі жеткізіп әпкемді қорғап қала алмағаныма өкінемін", - дейді Айгүл. 

Гүлмира Таймасова соңғы жылдары асханада жұмыс істеген. Күдікті жүк көлігі айдаған. Олар қайғылы оқиғадан 10 жыл бұрын ажырасып кеткен. Бірақ бірге өмір сүруді жалғастыра берген. Марқұмның туыстарының айтуынша, әйел күйеуі түзеліп, қол көтеруін қояды деп үміттенген. 

Қайтыс болған әйелдің анасы қызының бұрынғы жұбайы өзін де ұрғанын айтты. 

 "Бір кездері ол бізбен бірге тұрды. Ол өте ашуланшақ еді. Тіпті бірде мені де ұрған. Мен одан: "қызым, неге шыдап жүрсің?" деп сұрағанмын. Қызым мүмкін ол түзеліп кетеді деп жауап берген. Соңғы жылдары мен тіпті олардың үйіне баруды қойдым. Қызым одан қорқатынын айта бастады. Ол үнемі: "өлтіремін, өлтіремін", - деп қайталай беретін. Оны ғана емес, мені де, балаларды да өлтіремін деп қорқытты. Соңғы айда ол жұмыс істемеді. Үйде отырып, ішіп, жанжал шығара беретін. ",-деп еске алды марқұмның анасы. 

Гүлмира Таймасов 28 сәуірде жерленді. Оның балалары қазір әжесі мен тәтесімен бірге тұрады, оларға психологиялық көмек көрсетіледі. Отбасына тегін заң көмегін Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары Ибрагим Сәдуақасов пен Арман Ягудинов көрсетеді. 

Бұған дейін құқық қорғаушы Серік Беркамалов Қарағандыда 52 жастағы әйелдің қатыгездікпен өлтірілгенін айтып бергенін хабарлаған едік. 

  

Серіктес жаңалықтары