×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақмола облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

29.04.2024, 22:45
Ақмола облысында жол апатынан бес адам көз жұмды
Әлеуметтік желіден

Ақмола облысындағы Жалтыр ауылының маңында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz. КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Түрлі дене жарақатын алған тағы екі жолаушы Астанадағы ауруханаға жеткізілген. 
 
Мерседес пен ВАЗ-дың қатты соқтығысқаны сонша, қос көліктің де тас талқаны шыққан. 29 жастағы жүргізуші мінген Мерседес Астанаға, ВАЗ тізгіндеген 55 жастағы азамат Атбасарға бет алған екен. Бірақ екеуі де бір бағытта жүріп бара жатып, жол апатына түскен. Апат кеше түнгі сағат 12 лер шамасында Жалтыр ауылы маңында болған. Екі көліктің жүргізушісі де сол жерде мерт болды. Қаза тапқан тағы 3 жолаушының екеуі әйел. 5 бірдей адамның өмірін жалмаған апатқа кім кінәлі екенін қазір полиция анықтап жатыр.  

Ресми мәлімдеме 

“Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345 бабы, 4-ші бөлігі көмек құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі және көмек құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды,” - Ақмола облысы ПД жетекші маманы,  Әлия Біләлова.