×
442.84
480.97
5
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.84
480.97
5

«Қыз зорлаған»: Прокурор бұрынғы полиция бастығын 12 жылға соттауды сұрады

Коллаж: Ulysmedia

Прокурор Талдықорған қалалық Полиция басқармасының бастығы Марат Көштібаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.

Кейін сот тергеу органдарының тиісті өтінішхатын қанағаттандырып, полиция бастығы қамауға алынды.

Осы іс бойынша Жетісу облыстық Полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылды.

Ел азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғайтын полиция қызметкері үшін заң мен тәртіп бірінші орында болуы керек. Құқыққа қайшы келген азаматтар мен полицейлердің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылуы тиіс. Заң бәріне ортақ, - деп атап өтті министр Ержан Саденов.

Бұл туралы айту өте жағымсыз

Қазақстан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Талдықорғандағы қыз зорлау оқиғасына қатысты түсініктеме берді.

Әрине, ондай жұмыстар осы уақытқа дейін жүргізіліп келеді. Бірақ өкініштісі сол, кейде осындай жағдайлар болады. Бұл туралы айту да өте жағымсыз. Біз мұндай оқиғалар үшін жауапкершілігімізді толық түсінеміз, - деді Қожаев бейсенбідегі Сенат кулуарында.

Сондай-ақ айыпталушы Марат Көштібаев сот залынан ауруханаға жеткізілген болатын. 

Қазіргі уақытта сотталушы кардиологиялық орталықта, дәрігерлер бақылауында. Осыған байланысты сот отырысы кейінге қалдырылды, - деп хабарлады Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Серіктес жаңалықтары