×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Талдықорған полициясының бастығы қыз зорлады деген күдікпен ұсталды

13.11.2023, 09:58
Коллаж: ulysmedia.kz.

Талдықорған полиция басқармасының бастығы Марат Көштібаев облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Жетісу облысының полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.

Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі бойынша қозғалған (қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасалған зорлық). Марат Көштібаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Мән-жайлар қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде зерделенеді. Қылмыстық істі тергеу ҚР ІІМ-нің ерекше бақылауына алынды, - делінген хабарламада.

2019 жылы Көштібаев Алматы облысының жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымынан босатылған. Оған өз бағыныштыларына балағат сөз айтқан аудиожазбасы себеп болған.

2023 жылдың қаңтарында Көштібаев өз қарамағындағыларға боқтаған кезекті аудиожазба үшін "қатаң тәртіптік жауапкершілікке" тартылған еді.

Серіктес жаңалықтары