×
443.03
480.38
4.91
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.03
480.38
4.91

Қатаң тексеріледі: Әуе жолаушыларының назарына

30.04.2024, 19:25
Әлеуметтік желіден

1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларындағы авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Бұл жөнінде ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  

“2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда, паркингтерде және жолаушылар терминалдарында қосымша шаралар енгізілуде.Жолаушылар терминалдарына кіре берістегі бірінші тексеру желісі тыйым салынған заттардың тасымалдануына жол бермеу үшін енгізіледі,”- деді Көлік министрлігінің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ министрліктің баспасөз қызметі бұндай қауіпсіздік шараларының жыл сайын өткізілетінін еске салды. Бұл шаралардың мақсаты әуежайлардың қауіпсіздік деңгейін анықтау.  

Осыған байланысты жолаушылар тексеру және тіркеу рәсімдерінен өту үшін әуежайларға алдын ала келуі қажет. 
 

Серіктес жаңалықтары