×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

162 миллион теңге айыппұл: Атырауда газ бағасын көтергендер жазаланды

30.04.2024, 20:25
Әлеуметтік желіден

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік сұйытылған газ бағасын негізсіз көтеріп, саудалап келген деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  

Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаменті «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС қызметіне тергеу жүргізген. Нәтижесінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеу арқылы сұйытылған мұнай газы нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдаланудан тұратын бәсекелестікті қорғау туралы Заңнаманы бұзу фактісін анықтаған.  

“Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты 2024 жылғы 5 наурыздағы шешімімен Серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тартты. 955 млн теңгеден астам көлемде монополиялық табыс тәркіленді және 162 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды,” - деді агенттіктің баспасөз қызметі. 

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының апелляциялық сатысы Серіктестіктің шағымын қабылдамай, бірінші сатыдағы шешімді растаған. 

Сот шешімі заңды күшіне енді. 

Серіктес жаңалықтары