×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Қазақстандықтарға газ тарту үшін негізсіз алынған 1,2 млрд теңге қайтарылады

01.05.2024, 10:26
Фото: gov.kz

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд теңге сомасы қайтарылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі комитет және оның аумақтық бөлімшелері Бас прокуратураның талабының шеңберінде  «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның өндірістік филиалдарына қатысты бірқатар өңірде жоспардан тыс тексерулер жүргізгенін мәлімдеді.

Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалдарының іс-әрекеттерінде реттеліп көрсетілетін қызметке жатпайтын қосымша талаптарды белгілеу бойынша кесу, пломбалау және газды бастапқы іске қосу қызметтері үшін тұтынушылардан ақы алу сияқты бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Осы қызметтер үшін негізсіз есептеулер сомасы шамамен 1,2 млрд теңгені құрады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның филиалдарына қатысты жол берілген бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 79 536 471 теңге көлемінде әкімшілік істер қозғалды, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары