×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі күн сайын көтеріліп келеді

01.05.2024, 10:56
Коллаж Ulysmedia

1 мамырда сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі өткен тәулікпен салыстырғанда 5-тен 25 сантиметрге дейін көтерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:    

Жайық өзені – Индербор ауылы су бекетіндегі су деңгейі 718 см., деңгейдің +25 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 495 см құрайды.

Жайық өзені - Махамбет ауылы 779 см деңгейінде, тәулігіне + 15 см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 462 см құрайды.   

Жайық өзені - Атырау қаласындағы гидропостындағы су деңгейі 451 см., тәулігіне деңгейдің көтерілуі + 5 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 260 см құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. 1 мамырда Иректі су қоймасынан ағызу 141 м3/с құрайды, – делінген хабарламада.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары