×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Астанада қайтадан жылу берілуі мүмкін бе? Қала әкімі жауап берді

02.05.2024, 19:35
Әлеуметтік желіден

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек соңғы күндері елорда тұрғындарын мазалған жылу мәселесіне қатысты жауап берді деп хабарлайды, Ulysmedia.kz

Жеңіс Қасымбектің сөзінше келесі аптада ауа-райы +20 градус болады. Сондықтан қайтадан жылу қосудың ешқандай қажеті жоқ деді әкім.  

"Жоқ, келесі аптада  +20°C деген ауа-райын күтіп отырмыз.Сондықтан қайтадан жылу беру туралы әңгіме артық болар. Бір апта бұрын ғана жылытуды шұғыл түрде өшіру туралы ұсыныстар болды.Біздегі ауа-райы осындай енді", - деп жауап берді Жеңіс Қасымбек. 

Еске салайық Астанада жылу маусымы 19 сәуірде аяқталған еді. Бірақ артынша күн суытып, елорда тұрғындары тоңа бастады. Тіпті мамырдың басында қайтадан қар жауып, азаматтар қалың киімдерін қайта шығаруға мәжбүр болған.  

Бұған дейін синоптиктердің алдағы күндерге ауа-райы болжамын жазған едік. 

Астана ертең көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауып, қар жаууы мүмкін. Күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 13-15 градус жылы.

Серіктес жаңалықтары