×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

611 960 қорап темекі немесе 243 миллион теңге: Ақтөбеде полиция қызметкері сотталды

02.05.2024, 22:35
Әлеуметтік желіден

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданында қызметін асыра пайдаланған полиция қызметкері сотталды деп хабарлайд, Ulysmedia.kz 

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы

Мәртөк аудандық соты жергілікті полиция басшысының орынбасарына  қатысты “Өзі үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсаттарында өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды” деген айыппен қылмыстық істі қарады.

243 млн.теңге

«Е» есімді азамат Ақтөбе облысының полиция департаменті Мәртөк ауданы бөлімі басшысының орынбасары бола тұра, 2020 жылдың тамыз айында, «А» ЖШС-не қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдемелерді, 611 960 қорап мөлшерінде темекені  заңсыз берген. Бұл ретте «А» ЖШС-нан Департаментің есеп шотына темекі өнімдерін сатудан түскен ақшалай қаражат түскен жоқ. Нәтижесінде мемлекетке 243 млн.теңге сомасына аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірілді.    

Сотта сотталушы өз кінәсін мойындамады. Ал темекіні одан әрі іске асыру үшін «А» ЖШС-на бергенін түсіндіріп, бұл ретте ешқандай пайдакүнемдік ниеті болмағанын атап өтті.  

5 жыл 6 ай

"Соттың үкімімен «Е»-ге 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, полиция майоры арнайы атағынан айырылды,” - деп жазды Мәртөк аудандық сотының баспасөз қызметі 

Серіктес жаңалықтары