×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Костенкадағы апатты тоқтатқан кім екені белгілі болды

02.05.2024, 23:05
Костенкадағы апатты тоқтатқан кім екені белгілі болды
Әлеуметтік желіден

Бұған дейін Қарағандыдағы Костенко кенішінде тағы да апат болып, түтін басқанын жазған едік. Енді сол апатты тоқтатқан азаматтың кім екені белгілі болды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Айбар Қосанов 

Шахтадағы апат кезінде жедел әрекет  Костенко конвейерлік трассалар учаскесінің электр ұстасы Айбар Қосанов. 

Барлық жедел қызметтер мен шахта қызметкерлері жедел және кәсіби түрде жұмыс істеді. Қазір жағдай тұрақталды.  

Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.  

Бұған дейін Қарағандыдағы Костенко шахтасын түтін басқын жөнінде жазған едік. 

Сол мезетте жер астында 194 адам болыпты. 

Сағат 21:22 - дегі мәлімет бойынша 187 адам жер бетіне шығарылған. 7 адам шахтаның жұмысын қамтамасыз ету үшін жер астында қала береді.  

Кеніштегі жарылыс

2023 жылы 28 қазанға қараған түні «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жарылыс болды. Жарылыс кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші жер бетіне шықты, 46 кенші қаза болды.

Шахтада көз жұмған жұмысшылардың толық тізімі жарияланды. Қазақстан президенті Тоқаев «АрселорМиттал Теміртаумен» ынтымақтастықты тоқтатуды бұйырды. Қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, үкіметтің «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен алдын ала келісімге келгені және кәсіпорынды Қазақстанның пайдасына меншік құқығына беру жөніндегі мәміленің аяқталып жатқаны хабарланды. Қарағанды ​​облысына барып, марқұм кеншілердің туыстарымен кездескен Тоқаев 29 қазанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

АрселорМиттал Теміртау Qarmetke айналды

Қайғылы оқиғадан соң Қазақстанда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ инвесторы Лакшми Миттал мен басқарушы Палаватху Кришнанды "қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қасақана әрекетсіздігі" үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететін петицияға қол жинау басталды.

Белгілі экономист, 2022 жылы президенттікке үміткер болған Мейрам Қажыкен билік Костенко шахтасындағы апатқа бар кінәні "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының акционері Лакшми Митталға жауып отырғанын, ал шын мәнінде кеншілердің өліміне 90% үкіметтің өзі кінәлі екенін мәлімдеді. Алайда премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметті ақтап, жауапкершілікті кәсіпорын басшылығына ысырды. Көп өтпей, АМТ-ны қазақстандық олигарх Андрей Лаврентьевтің сатып алғаны белгілі болды.