×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Дәретханадағы оқушы өлімі: мектеп директоры қызметінен шеттетілді

03.05.2024, 16:03
Дәретханадағы оқушы өлімі: мектеп директоры қызметінен шеттетілді
Фото: Данияр Әлімқұлдың парақшасынан

Жамбыл облысына қарасты Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп директоры Қанатбек Байтен қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Жамбыл облысында сегізінші сынып оқушысы жоғарғы сынып оқушысының қолынан қаза тапқан болатын. 14 жастағы бала кеуде тұсынан алған соққыдан кейін мектеп дәретханасында жан тапсырған. Ал әлімжеттік көрсетіп, жұдырық жұмсаған 9 сыныптың оқушысы қамауға алынды.

Ата-аналарға қысым жасалып жатыр

Қанды оқиға 30 сәуір күні мектеп ауласындағы әжетханада болған. Мектеп ұжымы болған жағдайды барынша жасыруға тырысқан. Алғашында оқушының ата-анасына «жүрек талмасы ұстап қалды» деп хабарлаған.

Жігіт қой, 14 жасқа келген сап-сау азамат. Алар белесі көп еді, баламның. «Мама, мен дәрігер боламын, екеуіміз бәрін жеңеміз» деп.. кешке бәрі естіді. Бүкіл ауыл шулады. Екі орынбасарын ілестіріп алып, ата-аналардың үйін аралаған ғой. «Айтпайсыңдар, шықпау керек, ауыздарыңнан шықпасын» деп. Ата-аналарға да қысым жасалып жатыр. Жұмыс орнының басшылығына айтып, сол ата-аналарға қысым жасап жатыр,” - деп ашынды марқұмның анасы Раушан Құдасова.