×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

«Тасып жатыр бойда Батыр РУХ»: Imanbek өңдеген ән әскердің ұранына айнала ма

04.05.2024, 17:20
Фото: Скриншот

Әнді президент оркестрінің “ABYROY” тобы орындайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әннің клипі таяуда Мемлекеттік күзет қызметінің youtube-арнасында жарияланды. 

Президенттік оркестрдің “ABYROY” тобы орындайтын патриоттық хит-ән - “РУХ” композициясының клипі шықты.

Бейнеклипте Қазақстанның арнаулы және әскери құрылымдарының жауынгерлік күштерінің іс-қимылы бейнеленген. Режиссері Еламан Буралкиев. Әуеннің клипке арналған аранжировкасын жасауға Иманбек Зейкенов қатысқан.

Иманбек "Грэмми" сыйлығына ұсынылған және оны жеңіп алған алғашқы қазақстандық азамат. Бүгінде композиция ТМД елдеріндегі хит-парадты бастап тұр.
Иманбектің әкесі – өрт сөндіруші, анасы мереке ұйымдастырумен айналысатын агенттікке жұмыс атқарады. Ата-анасы ұлдарының музыкаға ден қоюына қарсы болмаған.

Серіктес жаңалықтары