×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Украина ресейліктердің Олимпиадаға қатысуға рұқсат алуына байланысты ХОК-қа шағымданды

05.05.2024, 16:58
Украина ресейліктердің Олимпиадаға қатысуға рұқсат алуына  байланысты ХОК-қа шағымданды
REUTERS/Benoit Tessier

Спорттық жанжалдың басы Украинаның Халықаралық олимпиада комитетіне ресейлік ескекшілердің жарысқа жіберілуінен кейін басталған, деп хабарлайды Ulys Sport.

Украинаның Ұлттық Олимпиада комитеті елдің жастар және спорт министрлігімен бірге Халықаралық Олимпиада комитетіне (ХОК) Ресей ескекшілерінің Олимпиада ойындарына іріктеу жарыстарына қатысуына байланысты шағым түсірді.

Шағым жайлы ақпаратты журналист Сергей Лисин өзінің телеграм арнасында жариялады.

Украина тарапы шағымында ХОК-тың Париждегі Олимпиадаға ресей және беларусь спортшылардың қатысуы туралы ұсыныстарын негізге алады. Осы ұсыныстарға сәйкес, ресейлік және беларуссиялық төлқұжаттары бар спортшылар тек жеке бейтарап мәртебеге қатыса алады.

Бұған дейін 8-9 мамырда Венгрияның Сегед қаласында өтетін Олимпиада-2024 іріктеу турниріне тоғыз ресейлік ескекші жіберілген болатын.