×
459.75
494.14
5.54
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
459.75
494.14
5.54

ШҚО-да қараусыз қалған бала суға кетті

05.05.2024, 18:56
Ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстанда 2022 жылы туған бала суға кетіп көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қайғылы оқиға туралы ҚР ТЖМ хабарлады.

Сәби Ұлан ауданы Садыркөл көлінде саяжай үйінің аумағында суға құлағаны хабарланды. Баланың ата-анасының қарауынсыз қалып, суға батып кеткені анықталды.

Министрлік ата-аналардан балаларды әсіресе сулы-нулы жерде жалғыз қалдырмау керектігін ескертеді.

"ТЖМ ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Су қоймаларында балалардың ойнауына жол бермеңіз.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысының Белқопа ауылында да осындай қайғылы оқиға орын алғаны хабарланған болатын - еріген суға толы шұңқырда тоғыз жасар бала тұншығып қалған.

Серіктес жаңалықтары