Ақорданың хабарлауынша, жұмысшы анкешті және жемісті еңбегі үшін марапатталған, деп жазады Ulysmedia.kz.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін «Qarmet» акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұы Қосанов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталды, – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Қосановтың еңбегі
Бұған дейін Қарағандыдағы Костенко кенішінде тағы да апат болып, түтін басқанын жазған едік. Енді сол апатты тоқтатқан азаматтың кім екені белгілі болды. Ол – Костенко конвейерлік трассалар учаскесінің электр ұстасы Айбар Қосанов. Барлық жедел қызметтер мен шахта қызметкерлері жедел және кәсіби түрде жұмыс істеп, жағдай сол кезде тұрақталғаны хабарланған.