×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлері Алматыда қашан кездесетіні белгілі болды

06.05.2024, 12:42
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі екі ел министрлерінің кездесуі жайлы тың ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СІМ хабарламасы

– Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес Әзербайжан мен Арменияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары арасындағы келіссөздер Алматыда 2024 жылғы 10 мамырда өтеді, – делінген хабарламада.

Тоқаевтың ұсынысы

Бұған дейін Әзербайжан мен Армения СІМ басшылары Алматыда келіссөздер жүргізетіні хабарланған. Оның алдында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды бейбіт келіссөздер алаңы ретінде 15 сәуірде Ереванға сапары кезінде пайдалануды ұсынған болатын. Бұл бастаманы Әзербайжан жағы бірінші болып қолдаған.

Серіктес жаңалықтары