×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлері Алматыда кездесетін болды

29.04.2024, 10:36
Фото: Ашық дереккөзден

Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлері Алматыда келіссөз жүргізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Әзірбайжан мен Армения СІМ басшылары Алматыда келіссөздер жүргізеді

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлескен кезде осылай ақпарат берген. Әлиев пен Блинкеннің әңгімесі кезінде талқылаған негізгі тақырыптың бірі - Әзербайжан мен Армения қарым-қатынасы болған.

– Мемлекет басшысы Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері жақын арада Алматыда бейбітшілік шарты бойынша келіссөздерді жалғастыру үшін кездесетінін айтты, — деп хабарлайды Әзірбайжан президентінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Тоқаев Қазақстанды бейбіт келіссөздер алаңы ретінде 15 сәуірде Ереванға сапары кезінде пайдалануды ұсынған болатын. Бұл бастаманы Әзербайжан жағы бірінші болып қолдаған.

Серіктес жаңалықтары