×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

24 жүлде: Қазақстан құрамасы бокстан Азия чемпионатында бірінші орынға тұрақтады

06.05.2024, 22:30
Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық спортшылар Астанада өткен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында жүлде қоры бойынша бірінші орынға жайғасты  деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Бес алтын, бір күміс және алты қола

Ерлер құрамасының мүшелері Қазақстанға бес алтын, бір күміс және алты қола медаль сыйлады.  

Қыздар болса алты алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды. 

Жүлде саны бойынша көшбасшы елдер тізімі мынадай: 

  • Қазақстан - 11 "алтын", 4 "күміс", 9"қола"; 
  • Өзбекстан-7 "алтын", 3 "күміс", 12"қола"; 
  • Үндістан-5 "алтын", 9" күміс", 8"қола". 

Қазақстандық боксшы қыздар арасында чемпион атанғандар: 

  • Аяжан Сыдық; 
  • Аяжан Ермек; 
  • Толғанай Қасымхан; 
  • Ұлдана Таубай; 
  • Шұғыла Нәлібай; 
  • Аружан Зейноллаева. 

Қазақстандық боксшылар арасында чемпион атанғандар: 

  • Алексей Хаванцев; 
  • Төрехан Сабырхан; 
  • Өнер Сейілхан; 
  • Санжарәлі Бегалиев; 
  • Мадияр Бексұлтанов. 

Байқау жеңімпаздарына әртүрлі сомадағы ақшалай сыйақы берілді:  

  • Бірінші орын - 700 доллар; 
  • Екінші орын-400 доллар; 
  • Үшінші орын - 200 доллар. 
Серіктес жаңалықтары