×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

ХАМАС атысты тоқтатуға дайын. Израиль не дейді?

07.05.2024, 00:00
Ашық дереккөзден

ХАМАС пен Израиль арасындағы келіссөздер күрделене түсті деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

ХАМАС келісті

Палестиналық ХАМАС қозғалысы  атысты тоқтату туралы ұсынысқа келісетіндігін мәлімдеді деп хабарлады Al Jazeera. 

6 мамырда түстен кейін Израильдің Қорғаныс министрі Йоав Галлант тұтқындардың отбасыларына ХАМАС барлық ұсыныстардан бас тартқанын ескерткен. Олардың арасында тұтқындарды Палестинаға қайтару туралы ұсыныс та болған.   

Рафах операциясы

Сондықтан Израиль әскерилері Рафахта операцияны бастағанын хабарлады. Және Рафахтағы адамдарды эвакуациялау қажет екенін ескертті. Себебі осында миллионға жуық азамат тұрақтаған. 

Осыдан кейін ХАМАС көшбасшысы атысты тоқтатуға келісетіндігін мәлімдеді.  

Үш кезеңнен тұрады

Басылымның дереккөздеріне сәйкес, ХАМАС келіскен Египет-Катар ұсынысы үш кезеңнен тұрады, олардың әрқайсысы 42 күнге созылады.

  • Бітімгершілік Израиль әскери күштерінің Газа секторының солтүстік және оңтүстік бөлігін бөлу үшін пайдаланатын Нетарим дәлізінен кетуінен басталуы керек.
  • Екінші кезең әскери операциялардың түпкілікті тоқтатылуын мақұлдауды, сондай-ақ Израиль әскерлерінің Газа секторынан толық шығарылуын қамтиды.
  • Үшінші кезең-газа блокадасын тоқтату. 

Бұл ұсыныс емес

Өз кезегінде Израиль шенеуніктері бұл 10 күн бұрын мысырлық делдалдармен келіскен ұсыныс емес екендігін айтқан деп хабарлайды The Times of Israel. 

Сондықтан Израиль қазіргі уақытта ХАМАС ұсынысын мұқият бағалап, өз жауабын дайындап жатқандығы айтылған. 

Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир Хамастың ұсынысы қулық деп санайды. 

"Хамастың айла – амалдары мен ойындарына бір ғана жауап бар – Рафахты жаулап алу, әскери қысымды күшейту және Хамас толығымен жеңілгенше оны басып-жаншуды жалғастыру туралы жедел бұйрық", - деді министр. 

Серіктес жаңалықтары